Қазақстан Республикасының күні

26.10.2026

«Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы күні ұлттық мерекесіне орай оқушыларды Қазақстан Республикасының бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауға арналған салтанатты рәсім ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық жауапкершілігін арттыру және ел болашағына деген құрмет сезімін нығайту. Аталған ұйымдарға қабылдану – оқушылардың елжандылыққа, адалдыққа, белсенді азаматтық ұстанымға және қоғамдық жауапкершілікке бағытталған тәрбиелік қадамы.
Аға тәлімгер: Айдар Н.

Просмотров: 64


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу