Текст

Біздің сайтқа қош келдіңіздер
Бұл сайттың көмегімен біз, білім саласы бойынша қарым-қатынасқа түсеміз. Сонымен қатар біздің сайтқа келушілер мектеп жаңалықтарын біліп, тыныс-тіршілігімен танысады. Біз сенеміз, бұл қарым-қатынас қызықты және пайдалы болады.
27.02.2026
"Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" Мемлекеттік қызымет 2025
/public/files/2026/2/27/270226_160108_aadyr-auylyny-ghalpy-orta-blm-beretn-mekteb-memlekettk-yzymet-2025.docx
16.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ақадыр ауылының ЖОББМ" КММ, 2025 жылдың 1 наурызға дейін ресми интернет ресурста мектептің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есебінің ашық талқылауға ұсынылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, барлық ниет білдірушілерді ашық талқылауда белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз. КГУ «Общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области», доводит до сведения жителей села Акадыр Акмолинской области, что до 1 марта 2025 года на официальном интернет ресурсе будет проводится публичное обсуждение отчета о деятельности школы по вопросам оказания государственных услуг за 2025 год. В связи с изложенным, всех желающих, просим принять активное участие в публичном обсуждении.
11.02.2026
"Ақадыр ЖОББ мектебі" КММ-де математика, информатика және физика пәндері бойынша 10 күндік ұйымдастырылды. 10 күндіктің мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; заманауи технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
02.02.2026
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ. Бүгін яғни 2.02.2026 күні "Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам." атты 9 сыныппен тәрбие сағат өткізілді. Сабақ барысында оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, жеке ақпаратты қорғаудың жолдарын білді. Кибербуллинг, жалған ақпарат, интернеттегі қауіп-қатерлер туралы түсініктері кеңейді. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, өмірде кездесетін нақты жағдайларды талқылады. Нәтижесінде, оқушылардың интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға деген жауапкершілігі артты. Сабақ оқушыларға саналы интернет қолданушы болудың маңызын ұғындырды. Сынып жетекшісі Айдар Назам.
20.01.2026
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ 7-сыныбында «ЭКО ӘЛЕМ: Суды үнемдеу» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға судың табиғаттағы орны мен оның шектеулі ресурс екенін түсіндіру, суды ұқыпты пайдалануға дағдыландыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру. Қорытынды: Су – өмірдің өзегі. Әр тамшыны қадірлеу – қоршаған ортаны қорғаудың бірден-бір жолы. Тұрмыста суды артық ағызбау, қажетсіз шығынға жол бермеу және суды дұрыс пайдалану табиғатты сақтауға үлкен үлес қосады. Болашақтың тазалығын бүгінгі әрекет айқындайды.
15.01.2026
12 қаңтарда 10-сыныпта жоспар бойынша "Біз - сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру; адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру; жемқорлыққа қарсы азаматтық көзқарас тәрбиелеу және қауіпсіздік бойынша оқушыларға жалған ақпараттың қоғам мен адамға тигізетін зиянын түсіндіру туралы ақпарат беру болатын.Сабақ барысында түрлі ақпарат беріліп, сұрақтар қойылып, тақырыптық слайдттар, бейнероликтер көрсетілді. Өткізген сынып жетекшісі: Кучумова Аида Мейрамовна
08.01.2026
" Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ қысқы каникул уақытында " Отбасымызбен кітап оқимыз" атты челлендж ұйымдастырылды.Мақсаты: Оқырман қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау. мектеп кітапханашысы: Алданыш Г. #ОқуАғартуМинистрі; #РеспубликалықҒылымПедагогикалыкКітапхана; #БалаларКітапханасы; #ОқуғаҚұштарМектеп; #Қыста оқы.ойлан, арманда; #Каникулда кітап оқимыз-2025
22.12.2025
" Тәуелсіздік күніне" орай "Жастар" бағдарламасы аясында 7-8 сынып ұлдары арасында "Волейболдан" облыстық жарыста Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің оқушылары командасы жүлделі 2- орын алып, ауданымыздың атын асқақтатып жақсы ойын көрсете білді. Оқушыларымыз бен жаттықтырушысы Хинаят Ержан мұғалімді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
24.11.2025
“Заң мен тәртіп” тақырыбы бойынша аймақтық дебат турниріне “БЖШО жанындағы Ақадыр ауылының ЖОББМ” КММ филиалынан “Айтарым бар” және “Сөз мәйегі” тобы қатысып “Үздік кубог” иегері атанды. Құрамында: Султанбек А., Тилеубек Ж., Бауыржан А., Сарсемби А. Жетекшісі: Нұршәріп С.
10.11.2025
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ 5-сыныпта "15-қараша -Ұлттық валюта-теңге күні. Теңге-тәуелсіздік тірегі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Нұршәріп С.